АИ-92 БЕНЗИНІНІҢ 13 КҮНДІК ҚОРЫ ҚАЛДЫ

Қазақстанда АИ-92 бензинін өзге өңірлерге жеткізу үшін 13 күндік қор қалған. Бұл туралы үкімет отырысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Бензин бойынша жағдайды тұрақтандыру үшін бірқатар шара қолданылды. Шымкент және Атырау зауыттарында АИ-92 бензинін өндіру 35 тоннаға дейін арттырылды. Жеңілдетілген мұнай да қосымша жеткізіліп жатыр. Мұның бәрі жоспарланған 135 мың тонна орнына 170 мың тонна АИ-92 өндіруге мүмкіндік береді», — деді Қанат Бозымбаев үкімет отырысында.

Энергетика министрі Ресейлік жанармай тасымалдаушылармен 100 мың тонна АИ-92 бензинін жеткізіп беру бойынша келісім жасаған. Бастапқы 50 мың тоннасы апта соңына дейін, ал қалған 50 мың тоннасы ай соңына дейін толық жеткізіледі.

«Қазір елдегі АИ-92 бензинінің жалпы қалдығы 120 мың тонна. Бұл бензинмен 13 күн үздіксіз қамтамассыз етуге жетеді», — деп сендірді Бозымбаев.

Айгүл Орынбаева
Маңғыстау облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here