Мектеп оқушыларының алтын бұйымдарын қолды еткен қызылордалық алаяқ әйелдің шартты түрде 3 жылға бас бостандығы шектелді.

Ол үстіміздегі жылдың 28 ақпанында тәртіп сақшыларының қолына түсті. 1987 жылы дүниеге келген әйел жасөспірім қыздарды алдап, олардың алтын сырға секілді бұйымдарын алдап алып, оқиға орнынан ізін суытып жүрген. Оқушылардың ата-аналары оның үстінен Қызылорда қаласының ішкі  істер басқармасына шағым түсірді. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәл осындай жағдай бойынша 6 адам зардап шеккен. Жедел іздестіру барысында оңай жерден олжа іздеген әйелден айғақ заттар алынды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.   

«Осыған орай, Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті ата-аналарға балалармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертіп, бөтен адамдармен сөйлескенде сақтық шараларын сақтау қажеттігін баса көрсетеді» деп жазылған хабарламада. 

Аталған азаматша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен 1-тармақшасына сәйкес кінәлі деп танылып, сот үкімімен 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Дәурен Таңатаров

Қызылорда облысы

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here