Қызылорда қаласы Бөкейхан көшесіндегі №41 үй апаттық жағдайда тұр. Онда өмір сүру мүмкін емес. Десе де, амалдың жоқтығынан сонда өмір сүруге мәжбүр болып жүрген тұрғындар бар. Әркім көрпесіне қарай көсіледі емес пе?

Бұл үй қаланың орталық бөлігіндегі көше бойында орын тепкен. Онда бүгінде 16 отбасы мекен етіп жатыр. Өкініштісі, олар көріп жатқан жағдай еріксіз басыңды шайқатады. Тіпті, оны айтып шығу да оңай емес. Терезеден суық жел өтеді. Шатырдың жағдайы да мәз емес. Бұл үйде канализация мен газ мәселесі мүлдем шешілмеген.

Мәселен, мына бір отбасында алты адам тұрады. Апаттық үйдің ең кішкентай тұрғынының жасы бар-жоғы 3-те. Үлкендер оны көзден таса еткісі келмейді. Өйткені, қыстың көзі қырауда оны ауыртып алып жатса, оған кім көмек береді? Үй суық.

«Жағдайымыз қиын. Терезеден су ағып жатыр. Оны күнде сүртіп әуре боламыз.  Менің өзім – мүгедекпін. 2006 жылдан бері үй кезегінде тұрамыз. Өкінішке орай, әлі күнге дейін сол баспанаға қол жеткізе алмай келеміз. Балаларды көбірек балабақшада, мектепте, үйірмеде болуын қалаймын. Себебі, үйдің іші ылғал. Өмір сүру мүмкін емес», — дейді Ұрбибі Меңдіқұлова.

Дәурен Таңатаров

Қызылорда облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here