Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық «Арай-2018» жас эстрада әншілері және мәдени іс-шара жүргізушілері  байқауының алғашқы іріктеу кезеңі аудандар мен қалалардан бастау алды.

Аталған байқаудың биылғы жылғы ерекшелігі əрбір аудан, қалаға бекітілген тəлімгерлер жасы 16 мен 25 жас аралығында үміткерлерді саралап, дайындық жұмыстарына жетекшілік жасайды. Сонымен қатар, қазылар алқасы құрамында барлық тəлімгерлер төрелік етеді. Бірақ, өз шəкіртіне дауыс  бере алмайды.

Байқаудың іріктеу кезеңі аудандық, қалалық мәдениет үйлерінде  1-3 ақпан аралығында өтеді. Ал екінші жартылай финал кезеңі 6 ақпан күні Шымкенттегі  Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияны дүбірлетпек. Үшінші  финал 22 ақпан күні «Түркістан сарайында» ұйымдастырылады.

1993 жылдан бастау алған  «Ақ көгершін» облыстық әншілер  байқауы 1995 жылдан бастап «Арай» деген атаумен өзгертілді.  Содан бері бұл байқау қаншама талантты жастарды өнер аспанында жұлдыз етіп, болашақтарына жол ашты.

Сабыржан Байбосынов

Оңтүстік Қазақстан облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here