Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шəуілдір елді мекені қалаға ұқсап келе жатыр. Бұл елді мекенде жаңадан спорт кешені салынуда. Онда дзюдо, самбо, қазақ күресі бөлімдері жұмыс істеп, волейбол, футбол, баскетбол алаңдары өз сайыпқырандарын баптайтын болады. Оның үстіне ауданда газ жүйесі құрылысы басталыпты.

Яғни, тұрғындардың көгілдір отын пайдаланатын күні де алыс емес. Сонымен бірге Мыңшұқыр елді мекенінде 180 пәтерлі көпқабатты 10 тұрғын үй пайдалануға берілген. Қазіргі таңда 12 пәтерлік 2 қызметтік үйдің қүрылысы жүруде. Қысқасы, шалғайдағы ауылдар біртіндеп қалаға айналып барады.

Сабыржан Байбосынов

Оңтүстік Қазақстан облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here