Экологиялық қылмыстардың алдын алу мен браконьерлік әрекеттердің жолын кесу мақсатында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының аумағында полиция қызметкерлері мен «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметкерлерінің бірлескен рейдтік іс-шарасы өткізілді.

Рейдтік шара кезінде автокөліктерге тексеру жүргізу барысында Қармақшы ауданының тұрғынының басқаруындағы «Тойота-Ланд-крузер» автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында автокөліктің артқы жағында қапқа оралған үш ақбөкен табылды. Бұдан басқа, еш құжаты жоқ 1 дана 12 калибрлі, 1 ұңғылы аңшы мылтығы, 7 дана атылмаған оқ, 1 дана ағаш сапты пышақ тәркіленді.

Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігінде СТТБТ-де тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде.

Дәурен Таңатаров

Қызылорда облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here