Қызылорда қаласында баласына 447 мың теңгеден астам алимент берешегі болған азаматтың үстінен қылмыстық іс қаралды.

Ерлі-зайыптылар некесі бұзылған сәтте ер азаматқа кәмелетке толмаған баласына алимент төлеу міндеті жүктелген еді. Дегенмен,  ол бұл міндетіне дұрыс қарамай, оны қасақана орындамаған. Осылайша алимент төлеуден жалтарған азамат сот алдына келуге мәжбүр болды.

Сот қаулысымен әлгі азамат ҚР Қылмыстық Кодексінің 139 бабымен кінәлі деп танылды. Алайда ол ҚР Қылмыстық кодекстің 68 бабы 1 бөлiгiне сай жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, іс тоқтатылды.

Дәурен Таңатаров

Қызылорда облысы

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here