Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі таңда «Нерест» жедел-профилактикалық шарасы жүргізілуде. Шараның басты мақсаты балықты заңсыз аулауға тыйым салу. Жуырда осы мақсатта құрылған мобильді топ 80-нен астам балық аулаушыны анықтады.

Арыс қаласының тәртіп сақшылары рейдтік шара кезінде жергілікті тұрғынның автокөлігін тоқтатқан. Автомобильді тінту кезінде жүк салғышынан шамамен 150 килограмм балық табылған. Балық аулау құрал жабдықтары айғақты зат ретінде тәркіленді. Енді күдіктіге сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұдан басқа, балық аулау ережесін бұзғаны үшін полицейлер 80-нен астам бұзақыларды әкімшілік жауаптылыққа тартып, жалпы сомасы шамамен миллион теңгеге айыппұл салынған. Бұл шара 31 мамырға дейін жалғасады.

Сабыржан Байбосынов

Оңтүстік Қазақстан облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here