Оңтүстік Қазақстан облысында банк филиалының төрағасына іздеу жарияланды. Оған салымшылардың қаржысын иемденген деген айып тағылуда. Əзірге оның қай банк филиал төрағасы болғаны ресми хабарланбауда. Белгілісі күдікті ретінде іздеу жарияланған азаматтың аты-жөні — Нұржан Көлбаев.

Ол бұған дейін бірнеше банкте қызмет етіп, тіпті «Нұр Отан» партиясына да мүше болған екен. Ол банктен шамамен 480 миллион теңгені жымқырған көрінеді. Егер ұсталса, бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазіргі таңда оған іздестірілу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде полиция қызметкерлері Нұржан Көлбаев баруы мүмкін нысандардың бəрін бақылауға алған.

Сабыржан Байбосынов

Оңтүстік Қазақстан облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here