Қазақстан халқының бірлігі күні еліміздің түкпір-түкпірінде тойланды. Бұл мерекеден ақтаулықтар да қалыс қалған жоқ. Халық шеруге шығып,  қаладағы барлық мекеме өкілдері орталық алаңға жиналды. Əр ұлттың өкілдері де ұлттық киімдерімен шерудің сəнін келтірді.

Жиналған көпшілікті аймақ басшысы Ералы Тоғжанов мерекемен құттықтады. Шеру Ақтау қаласындағы 7-ші шағынауданнан басталып, 2-ші шағынаудандағы ақбота паркіне дейін жүріп өтті. Түрлі түсті шарлар, ұлттық киімдердің жарқын үйлесімділігі мен тамаша ауа-райы барша халыққа керемет көңіл күй сыйлады. Шеруден кейін жиналған көпшілік «Ақбота» саябағында ұйымдастырылған ұлттық тағамдар мен бұйымдар көрмесін тамашалады.

Луиза Молочаева

Маңғыстау облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here