Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі «Үй жануарларын қауіпті аурулардан қорғау мақсатында жүргізілетін егу жұмыстары ақпан айынан басталады», — деп хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы департаменті ветеринария бөлімінің мәліметінше, ағымдағы жылы облыста мал ауруларының алдын алу үшін 1 миллионнан астам вакцина сатып алу жоспарланып отыр. Осы орайда, барлық жануарлар міндетті түрде вакцинацияланатын болады. Қауіпті аурулар тізбесіне  түйіндік дерматит, марқа, қарасан, құс аурулары және тағы да басқа қауіпті мал дерттері енгізілген

«Қазіргі уақытта Атырау облысында үй жануарларының қауіпті аурулары туралы деректер жоқ. Барлық вакциналар бір жыл ішінде жеткізіледі. Ең алдымен, Қызылқоға ауданына бруцеллез ауруын болдырмау мақсатында үлкен көлемде екпелер жіберіледі», — дейді ауыл шаруашылығы департаменті ветеринария бөлімінің басшысы Элеонора Даутбаева.

Гүлзада Қожабергенқызы

Атырау облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here