Тәуелсіздік күніне орай Ақтау қаласының «Астана» алаңында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Осымен 26 жыл қатарынан тойланып келе жатқан атаулы мереке бұл жолы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы көлемінде өз деңгейінде аталып өтті.

Аталған концерттік бағдарлама бойға рух сыйлайтын таңдаулы әндер мен ырғақты билерден құралды. Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің шығармашылық ұжымдары — «Ақкербез» би ансамблі, «Колибри» сән-театр студиясы, «Жорға» би ансамблі, «Үркер» вокалды-эстрадалық студиясы, «Настроение» би ансамблі, сонымен қатар өлкеміздің талантты эстрада жұлдыздары өз өнерлерімен аталған шараның сәнін келтірді. Концерттің соңы  мерекелік отшашуға ұласты.

Маңғыстау облысы

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here