Атырау облысының Исатай аудандық соты сотталушы Т.-ға қатысты  қылмыстық іс қарады. Сотта анықталғандай, сотталушы Т. 2017 жылдың ақпан айында Жанбай селосында енесінің екі сиырын ұрлап, сатып жіберген. Сотталушы ұзақ уақыт бойы түрлі сылтаулармен ұрлығын енесінен жасырып келген екен. Ал, бірнеше ай өткеннен кейін селодан кетіп қалған.

Алаңдаған енесі өзінің сиырларын іздей бастаған кезде көршілерінің бірі оған күйеу баласының сиырларды көлікке тиеп жатқанын көргенін айтқан.

Сотталушы Т. сот отырысында өзінің кінәсін толық мойындады. Сонымен қатар сотта тараптар өзара медиацияның көмегімен татуласқандарын айтып, қылмыстық істі қысқартып, оны жауапкершіліктен босатуды сұрады. Сот қаулысымен Т.-ға қатысты қылмыстық іс жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде қысқартылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Гүлзада Қожабергенқызы

Атырау облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here