Бүгінде темір қосылып құйылған бетондар судың ішіне де түсе бастаған. Мұны көрген жұрт  жаздың күндерінде адам шомылуға аса қауіпті деп наразылық білдіруде. Себебі, көктемгі тасқын түгелін терең аймаққа ағызып кетсе, ондағы арматураларға бала-шаға қадалып қалуы мүмкін.

«Бұл жағаны бекіту үшін ойлап тапқан ешкімде жоқ амалдары шығар. Бірақ масқара ғой. Суға түскен кезде темірге бала-шаға ілініп қалса қайтеді? Тұңшығып көз жұмады. Ал, мұның бәрін тасқын шайып әкететіні сөзсіз», — деді Семей қаласының тұрғыны Дмитрий Беляев.

Сондай-ақ, жұрт экологиялық апаттың да ауылы алыс емес деп зар қағуда. Өйткені,  жүк көліктері жолдан қырылған асфальт қалдықтарында осында төккен екен. Ал, оның құрамына улы заттар кіретіндіктен, судағы жәндіктерге де қауіп төнуі ықтимал.

Тіпті, жүк көліктері Ертіс жағасына құрылыс қалдықтарын әлі күнге дейін тасып әлек. Оның ішіндегі ауыр бетондарды көтеру үшін кранды да арнайы жеткізіп қойған. Оларға бұл рұқсатты жергілікті билік беріпті. Себебі, атқамінерлер керексіз заттармен көктемгі тасқынға бөгет жасауға бел буғанға ұқсайды.

Елжан Нұрболат

Шығыс Қазақстан облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here