Мақтарал ауданында түн ішінде бір үйге үш жігіт басып кіреді. Бастарына бетперде киіп, қолдарына қару ұстаған олар үй тұрғындарына қоқан лоққы жасаған. Ақырында үйді тінтіп бағалы заттарды алып кетеді.

Біраз уақыт іздеуде жүрген жігіттер жақында құрықталды. Үшеуі де жап-жас жігіттер екен. Бұрын біреуі түрме ботқасын бір рет ішіп шығыпты. Амал нешік? Енді қасындағы екі шəкіртімен қоса қайта сотталады. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті əрбір тұрғынға үйге дабыл (сигнализация) орнатуды ескертеді.

Сабыржан Байбосынов

Оңтүстік Қазақстан облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here