Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Күмісбай Құсекеев елді елең еткізген қылмыстық іс бойынша журналистерге брифинг өткізді.

Ол Қазақстан Республикасының ҚК-нің 273-бабымен көзделген қылмысты жасаған. Яғни, ол пайдаланып жүрген ұялы телефонымен 102 номеріне хабарласып, банк ғимаратының ішінде жарылғыш зат бар екенін айтқан.  «Бомба сағат 16-17 шамасында жарылады» деп, жалған мәлімет берген.

Бұл қылмыстық әрекетінің ізін жасыру мақсатында ұялы телефонын өшіріп, ішіндегі картасын сол маңайдағы жыңғылдардың арасына лақтырып үлгерген. Оның бұл қылмыстық әрекеттері, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.

Сот үкімімен оған Қазақстан Республикасының ҚК-нің 273 бабымен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 60 бабының 1 бөлігінің ережелеріне сәйкес,  2017 жылғы 13 қыркүйектегі Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 190 бабының 1 бөлігімен 1 жыл 3 ай өтелмеген, бұрынғы жазасының бөлігін ішінара қосып, оған түпкілікті 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

Дәурен Таңатаров

Қызылорда облысы

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here