Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Жаңаөзен қаласының тұрғындарына жаңа әкімді таныстырды. Қалалық мәслихаттың келісімімен шаһар басшысы болып Дауылбаев Әділбек тағайындалды. Әділбек Құлынтайұлы бұған дейін Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі қызметін атқарған.

«Маңғыстау халқына мемлекеттік қызметте көп жылдық тәжірибесі бар білікті маман ретінде белгілі. Сондықтан бұл міндетті де абыроймен атқаратынына сеніміміз мол»,- деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Ал, Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Елубай Әбілов денсаулығына байланысты өз еркімен лауазымын босатты.

Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы 1964 жылы Маңғыстау облысы, Таушық ауылында туылған. 1988 жылы Алматы қаласының  құрылыс техникумын өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004 жылы М.Тынышбаев атындағы Казақ Көлік және коммуникация академиясын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Маңғыстау ауданы Шетпе селосында  Маңғыстау тұрғын-үй пайдалану басқармасының жұмысшысы болып бастаған.

1989-1991 жж. –  «Қызылтұран карьері» Маңғыстау ауданы Шетпе селосы.

1991-1993 жж. – Маңғыстау тұрғын-үй пайдалану басқармасының маманы. Маңғыстау ауданы Шетпе селосы.

1994-2000 жж. – «Маңғыстау мұнай жолдары» ЖШС прорабы, Ақтау қаласы.

2000-2001 жж. –  «Жолсервис» ЖШС құрылыс учаскісінің маманы (мастер). Жаңаөзен қаласы.

2001-2002жж. – Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы директорының орынбасары.

2002-2004жж. – Сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының жетекші маманы.

2005-2006жж. –  Маңғыстау облысының  мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында жетекші маман, бөлім басшысы, басқарма бастығының міндетін атқарушы болған.

2006-2009 жж. – Маңғыстау облысының  мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы. Ақтау қаласы.

2009 жылдың шілде айынан бастап Қарақия ауданының әкімі лауазымын атқарды. Дереккөз: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here