Бүгінде маңғыстаулық Данияр Мурзабеков гипстен мүсін құйып, оны саудаға шығарып отырған кәсіпкердің бірі де бірегейі. Ерекше кәсіп түрімен айналысып отырған ол бала шақтан болашаққа ойысқан балалықтың қиялын осылайша табыс көзіне айналдырып отыр. Ресейдің түлегі Қазақстанға келіп, көрген түйгенін Маңғыстауда іске асырып жатыр.

Ашып айтар болсақ, ол гипстен ақша жинайтын түрлі персонаждарды жасап шығарады. Жас кәсіпкер Ресейдің Волгоград қаласында жүріп, мүсін жасайтын цехта еңбек жолын бастаған. Нәтижесінде шыққан өнімнің жартысынан көбін Елімізге сауда нарығына шығарып отырған екен.

«Бүгінде мен жасап шығарып жатқан мүсіндерге сұраныс бар. Көп демей-ақ қояйын, өйткені кәсібімді енді бастап жатырмын. Ақтауға әр апта сайын барып, дүкен сөрелеріне тапсырып тұрамын. Әзірге, мульт персонаждардан құйып жасап жатырмыз. Келешекте ұлттық нақышта жасаймын деген жоспарда жоқ емес», — дейді жас кәсіпкер.

Бүгінде ол «Атамекен» микроқаржы ұйымынан 2,5 млн. теңге несие алып, Құрық ауылынан шағын цех ашып, 2 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бағасы 1650 теңгеден басталады. Былтыр қолға алған кәсібінің арқасында 600 дана мүсін жасап, саудаға шығарған. «Жас келсе, іске» демекші, «Атамекен» қаржы ұйымынан алған ақшамен шектелмей, осы жылы бизнесін кеңейту үшін «Ерсай» компаниясының конкурсына қатысып, 3 млн. теңгенің грантын жеңіп алған.

Абзал Маратов

Маңғыстау облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here