Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жылыой ауданына барған іссапарында жаңадан бой көтерген жылыжай жұмысымен танысты. Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі жылыжайдың өндірістік қуаты жылына 1100 тонна көкөніс өнімдерін жинауға мүмкіндік беретінін хабарлады.

Жаңа нысанда Құлсары қаласының тұрғындары үшін 30 жұмыс орны қарастырылған. Жылыжайдың жалпы аумағы 2 гектарды құрайды. Ал мамандарды Голландияның тәжірибелі агрономдары мен технологтары дайындаған. Заманауи құрылғылармен толық жабдықталған жылыжай тамшылатып суару әдісін қолданады.

«Жылыжайда өсірілген көкөністердің сапасы жоғары болмақ. Біздің басты мақсатымыз – жергілікті өнімдердің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету», — дейді жоба авторы Әлімжан Байжігітов.

Аймақ басшысы іссапар барысында жауапты қызметкерлерге ауыл шаруашылығын дамыту бағытында  нақты тапсырмалар жүктеді.

Гүлзада Қожабергенқызы

Атырау облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here