Қазіргі таңда қалаішілік жолдарда көлік кептелісі өте көп. Сондықтан жолдарды кеңейтіп, көліктердің емін-еркін жүруіне қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Негізінен Ақтау қаласында биыл жөнделетін жол көп.

Күні бүгінде ұзындығы 2 900 метрге созылып жатқан облыстық аурухананың алдынан өтетін №9 жолға жөндеу жұмысы басталып кетті. Сөйтіп, орталық мешіттен 3 «Б» шағын ауданындағы көлік жөндеу стансасына дейінгі көлік жолы 4 жолақты жол болмақ.

Жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңінде асфальттың беткі қабаты түгелдей қырылады. Жаңа жолдың қалыңдығы 10 см болады деп күтілуде. Бірінші қабаты 6 см болса, оның үстіне тағы да 4 см асфальт төселмек.

Жолды кеңейту жұмыстары үшін 600 млн-ға жуық теңге жұмсалмақ. Аталған жұмыс осы жылдың қараша айында аяқталады деп күтілуде.

Абзал Маратов

Маңғыстау облысы

Сурет ғаламтордан алынды

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here