ЖОҒАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТАБЫЛДЫ

Қызылорда облысы, Сырдария аудандық ішкі істер бөліміне 15 жастағы 3 жасөспірім үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалғандығы жайлы хабарлама келіп түседі.

Аталған хабарлама бойынша іздестіру шаралары жүргізілді. Жасөспірімдердің тұрпаттық бейнесі жасалды. Мектепке домбыра үйірмесіне барамыз деп үйлерінен шығып кетіп, қайта оралмағандары анықталды.

Полиция қызметкерлерінің жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған жасөспірімдер сағат 12:30 шамасында Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентіне қарасты шаруақожалығында жылқыға мініп жүрген жерлерінен табылды.

Қазіргі таңда, жасөспірімдердің жағдайлары «жақсы» деп бағалануда, дін аман ата-анасына тапсырылды. Осыған орай, полиция қызметкерлері балаларға деген бақылауды және жауапкершілікті күшейтіп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шараларды арттыру қажеттігін қатаң ескертеді.

Дәурен Таңатаров
Қызылорда облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here