Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Сыр сүлейі Омар Шораяқұлының 140 жылдығына арналған «Алты Алаштың шайыры…» атты облыстық жыршы-жыраулар фестивалі болып өтті.

Шараның басты мақсаты ұлттық кодымыздың бір бөлігі — қазақтың қасиетті жыраулық өнерінің өміршеңдігін жалғастырып, дүлдүлдеріміздің өмір жолы мен шығармаларын келер ұрпаққа ұлағат, өнеге етіп насихаттау болды.

Жыр мерекесін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жырау Алмас Алматов жүргізіп, фестивальге Сыр еліндегі белгілі жыраулар Бидас Рүстембеков, Берік Саймағамбетов, Ақмарал Ноғайбаева, Шолпан Бимбетова, Руслан Ахметов, Майра Сәрсенбаева, Әділхан Қуаңбаев, Серік Жақсығұлов, Айдос Рахметов, Марат Сүгірбай, Күнсұлу Түрікпенова және тағы басқа талантты жыршылар қатысты. Өнер кеші жоғары деңгейде өтіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Дәурен Таңатаров

Қызылорда облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here