Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі «Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының қызметкерлері заң бұзушы браконьерлерді Зарослый каналының тұсынан құрықтады», — деп хабарлайды.

9 қаңтар күні, сағат 12:30 шамасында профилактикалық тексеріс кезінде Дамбы поселкесінің екі тұрғыны Зарослый каналының тұсынан ұсталған. Олардың балық аулауға рұқсат қағазы жоқ болып шықты және мотокөліктерінің де құжаттары болмаған.

«Тексеру кезінде 2 дана бекіре тұқымдас балық, 95 дана сазан табылды. Заңсыз ауланған балықтар тәркіленіп, облыстық ішкі істер департаментіне жіберілді. Ал мотокөлік айып тұрағына қойылды», — деп мәлімдеді Табиғат ресурстарын қорғау бөлімінің бас маманы Рүстембек Берікұлы.

Гүлзада Қожабергенқызы

Атырау облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here