Тоғыз жолдың торабынан шалғай жатқан Кентау күн санап гүлденіп келеді. Бүгінде тұрғындардың әлеуметтік жағдайы көтеріліп, барлық салада ілгерілеушілік бар.

«2017 жылы Кентау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында біршама оң өзгерістер болды. Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Сондай-ақ, мөлтек аудандардың инженерлік инфрақұрылым жүйелері жүргізіліп, пайдалануға берілді. Өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында инвесторлар тартылып, өндіру және өңдеу өндірісі қолға алынды. Кен орындарына барлау жұмыстары басталды. Мысалы, жалпы өнім көлемі 2017 жылдың қорытындысымен 39,2 млрд.теңгеге жетіп, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,0 пайызға артты. Қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 6,5 млрд.теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 100 пайызды құрап отыр. Өнеркәсіп саласында 28,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Былтыр бұл бағытта 23,8 млрд.теңгенің өнімі өндірілген болатын. Сонымен бірге, 96 жаңа жұмыс орыны ашылып, мемлекеттік бюджетке қосымша 119,0 млн.теңге салық түсті», – дейді Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев.

Индустриалды аймақта 2 млрд. теңгеге 8 жобаны іске асыру жоспарланған. Сонымен бірге 2 жобаның құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, жыл соңына дейін іске қосылатын болды. Қалған 3 жоба бойынша өңірлік үйлестіру кеңесіне құжаттарды тапсыру, келісу және рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасының  «Моноқалаларды дамыту» бағыты аясында атап өтерлік іс жетерлік. Атап айтқанда, бұрынғы мамандандыруды қалпына келтіру (тау-кен саласы) мақсатында қала аумағындағы «Қызылата» мыс-кобальт кен орынында 2016 жылдан бастап барлау жұмыстары жүргізілуде. «Смена», «Хантағы», «Қарасай» полиметалл кен орындарында, «Байылдыр қалдық сақтау қоймасы» және «Ырмақсу» шашыранды алтын кен орындарында  биыл барлау жұмыстары жүргізілетін болмақ.

Ернұр Ынтымақ

Оңтүстік Қазақстан облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here