Өз заманында отты жырларымен танылған Орынбай Тайманов Оңтүстік Қазақстан облысында ғұмыр кешкен. Кеңес Одағы құрылғаннан кейін О.Таймановтың өлеңдерінің орысша аудармасы Мәскеуден шығатын газеттерде де тұрақты жарияланып тұрған. Ақын көзі тірісінде көптеген жырлар мен бірнеше романды жазады. Тек ашаршылық жылдары оның жалғыз ұлын өзге біреулер өлтіріп кетеді. Бұл қазаға Орынбай ұзақ уақыт қайғырған. Осы аралықта оның көптеген жазбалары жоғалып кетеді.

Арада біраз уақыт өткеннен кейін ес жинаған Орынбай жер-жерлерді аралап жүріп адуынды ақындармен айтысқан. Олардың арасында атақты Жамбыл Жабаев та бар. Мұнан соң жыр алыбы Жамбылдың өзі Орынбай Таймановтың дарынын мойындап «Уа Орынбай, Шашубай, сендер өзен тасындай» деп жырлаған.

Замандастарын мойындатқан ақынның мұнан біраз жыл бұрын кесенесінің күмбезі құлап, кірпіштері мүжіліп тұр еді. Бұл туралы былтыр «Өзге пікір» газетінде мәселе көтерілген. Жуырда Бәйдібек ауданының әкімі Б.Танакөзов аталған жайтқа  көңіл бөліп, Боралдай ауылының азаматтарымен кездескен.

Жүздесу барысында кесененің бүгінгі жайы талқыланып, оны жөндеу қажеттігі сөз болған. Нәтижесінде Боралдай ауылынан шыққан кәсіпкер Сайлаубек Сихымбаев ақын кесенесін жөндеу шығындарын мойнына алатын болып келіскен. Қысқасы, Бәйдібек ауданы әкімінің көңіл бөлуімен, игі іс қолға алынды.

Сабыржан Сайлауұлы

Оңтүстік Қазақстан облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here