Қызылорда облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 31 кәмелетке толмаған жасөспірімге байланысты қылмыстық іс қаралған.

Жасөспірімдер абайсызда қазаға ұшырату, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, қаруды заңсыз жасау, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу қылмыстық істері бойынша сотталған.

«Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың басым бөлігі ұрлық, тонау бабы бойынша орын алады. Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Альтернативті сот әділдігі» пилоттық жобасы 2015 жылы енгізілді», —  дейді судья Қайратбек Бержанов.

Мұндағы басты мақсат жәбірленуші өзіне қатысты қылмыс жасаған қылмыскерлермен тағы да кездеспеу, психологиясына кері әсерін тигізбеу үшін  қолға алынды. Бұл жоба ЮНИСЕФ-тің қолдауымен жүзеге асты.

Дәурен Таңатаров

Қызылорда облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here