МАЛ ҰРЛАҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Арал аудандық сотында екі азаматқа қылмыстық іс қаралды. Олар ел үстінен күн көріп, мал ұрлығымен айналысқан екен.

Олардың бірі 2017 жылдың қазан айында «ЗиЛ-131» маркалы автокөлігімен Арал ауданы, Сазды елді мекеніне қарасты малды ауылдан өзінің малын тиеп келу үшін барады. Осы сәтте көзіне құдық басында тұрған жәбірленушінің бес сиыры шалынады. Ойы бұзылып ұрлау ниеті туындайды. Оны сол жерде мал бағып отырған тағы бір азамат қолдап, екеуі аталған сиырларды көлікке тиейді. Сиырларды олар Арал қаласына әкеліп, танысының үйіне түсірген. Ертесіне бір сиырды сатып үлгерген. Қалған төрт бас сиыр заттай дәлелдеме ретінде алынған. Осылайша олар, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бөтен мүлікті жасырын жымқырған.

Сотталушылардың қылмыстық әрекеттері, сотта өздерінің айыбын мойындап берген жауаптарымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот үкімімен сотталушылар Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылды. Олардың меншігіндегі қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркіленді.

Оларға 2 жылға бас бостандықтарын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген. Сондай-ақ, олар жергілікті атқарушы орган айқындайтын орында жылына 240 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Дәурен Таңатаров
Қызылорда облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here