Жуырда «Аялаған Аягөз» халықаралық жастар орталығының ұйымы мен аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, «КТА маусымашар кубогі-2018»  арнайы қойылымын өткізді. Ұтқыр әзіл мен ойлы да мағынасы терең күлкілі сын-сықақтар орындалған бұл шара жиылған қауымды риза етті.

«Жастардың шығармашылығына қолдау көрсету, бос уақыттарын тиімді пайдаланып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, жобаға қатысушы топтардың дамуына үлес қосу мақсатында өткізілді», — дейді аудандық «Жастар орталығының» басшысы Саят Ибраев.

Қорытындысында «Маусымашар кубогі – 2018» чемпионы атағынАқтоғай ауылының құрамасы «Элита» иеленді.Аягөз қаласының №6 жалпы білім беру мектеп құрамасының «Аягөз өнері» командасының капитаны Алмас Даулетбек «Үздік ойыншы» атанды. Ақшəулі ауылының «Ақшəулі жастары» құрамасы «Маусымашар жаңалығы» номинациясына ие болды. Сондай-ақ, Семей мемлекеттік Шәкəрім атындағы университетінің «Позитив» құрамасы «Көрермендер көзайымы» аталымын жеңіп алды. Ал қаладағы №4 орта мектеп командасы «Оңтүстік қалашық құрамасы» «Үздік əзіл» номинациясын иеленді.

««КТА маусымашар кубогі-2018» жобасына демеушілік жəне ақпараттық демеушілік көрсеткен «Қазақстан-Семей» телеарнасының редакторы Ибраев Балжанға, «Типичный Аягоз» Бұқаралық Ақпарат таратушы тобына, «Лаура» кафесіне жəне «АРТ МЕДИА» фото салонына алғысмызды білдіреміз», — дейді шараны ұйымдастырушылар.

Берікхан Тайжігіт

Аягөз ауданы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here