Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасынан келген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Аялы алақан» отбасылық қатынасты нығайту» қоғамдық қоры Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауы мен мемлекеттік бағдарламаларын тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру бойынша жобаны жүзеге асыра бастады.

Жоба барысында кәсіпкерлермен, өндірістік кәсіпорынның қызметкерлерімен, студенттермен, жұмысшы жастармен, ауыл тұрғындарымен және басқа да сала қызметкерлерімен 10-нан аса кездесулер өткізіледі. Іс-шараларды жүзеге асыруға спикерлер мен тыңдаушыларды қосқанда 3 мыңнан аса адам қатысады.

Жобаны іске асыру барысында екінші деңгейлі банк қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлер міндетті медициналық сақтандыру және пайыздық мөлшерлеменің жүйесі, көрсетілетін қызмет тізімі және шотқа қаражат аударудың әдістері жөнінде ақпарат ала алады.

Шалғайда орналасқан ауыл тұрғындары халықты Қазақстанның солтүстік бөлігіне көшіру бағдарламасы жөнінде ақпарат алады, сондай-ақ, шағын бизнеспен айналысудың қыр-сырын біле алады.

Әр кездесудің қорытындысы бойынша «Аялы алақан» қорының қызметкерлері талқыланған мәселелерге сәйкес ұсыныстар мен ескертулер енгізілген анықтама дайындап шығарады. Бұл ақпараттар облыстық Ішкі саясат басқармасына түсіп, өңделіп, әрі қарай Маңғыстау өңіріндегі басқармаларға таратылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here