Маңғыстаулық бір топ оқушы Ресейдің Королев қаласында өткен олимпиадада жеңімпаз атанды. Бұл «Адам-Жер-Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша өткізілген ғылыми-зерттеу жобаларының жалпыресейлік олимпиадасы.

Барлығы 300-ге жуық оқушы қатысқан олимпиадаға Қазақстаннан 55 оқушы жолдама алған.  Олардың ішінде маңғыстаулық жас өрендер де бар.

Нәтижесінде Ақтау қаласы №7 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Артем Блохин 1 орынды, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицейінің 10 сынып оқушысы Ертай Тілес 2 орынды қанжығаларына байлап қайтты. Ал, Ақтау қаласы мамандандырылған экономикалық лицейінің 11 сынып оқушысы Ғайни Кенжеғалиева, Ақтау қаласы №14 орта мектептің 11 сынып оқушысы Нұрбол Сахарбаев, Ақтау қаласы №13 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Алихан Яссауи 3 орынды місе тұтты.

Абзал Маратов

Маңғыстау облысы

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here