Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановпен кездесті. Кездесу барысында өңірдегі діни ахуал, ел тыныштығы мен ұлт бірлігі үшін атқарылып жатқан бірнеше сүбелі жұмыстар талқыланды. Бас Мүфти кең құшақпен қарсы алған маңғыстаулықтарға алғысын білдірді.

«Құтты қонақ келсе қой егіз табады деген, Сіздің Маңғыстауға сапарыңызда Басқұдық ауылынан жаңа мешіт ашылып, Ержан хазірет Төлегенұлының қос еңбегінің тұсауы кесілді. Хазіреттің қос қолжазбасының табылып, ұрпақпен қауышуы бұл біріншіден Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» тапсырмасының өткенді тірілтіп, өшкенді жандыру, жоғалтқанымызды табу бағытындағы өміршеңдігінің айғағы», — деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары аудандар мен шалғай ауылдарда жалғасуда.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here