«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 150 миллион теңгеге ауыр жүк көліктерін сатып алды. Екі «БелАЗ» бен үш «КамАЗ» металлургия комбинатының бірінші қайта бөлу цехтарында технологиялық тасымалға пайдаланылатын болады.

Қауіпсіздік деңгейі жоғары жаңа автотехника компания жүргізушілерінің жұмысын жеңілдетеді әрі оны қауіпсіз етеді. «БелАЗ» қозғалтқышы іске қосылған кезде олардың өздігінен қосылуының алдын алатын беріліс қорабына бұғаттау қойылған, шанақты автобұғаттау, майлау және жапсарлас өрт сөндіру жүйесі бар.

«КамАЗ» Евро-4 экологиялық талаптарға сай, жүйеге пайдаланылған газдардың қасиетін жоятын арнайы катализаторлар қойылған. Олар да жүргізушілердің демалуы мен еңбек режимін өлшейтін тахометрлармен жабдықталған.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ «ArselorMittal» трансұлттық компания құрамына енеді, әрі Қазақстандағы ірі тау-кен металлургиялық кәсіпорын болып табылады. Компанияның құрамына Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинат, Қарағанды облысының 8 көмір шахталары, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарындағы темір рудасын шығаратын 4 кен орны кіреді.

Ләззат Қожахметова

Қарағанды облысы

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here