Масаң күйде мүгедек анасын өлтірген қызылордалық жігіт 17 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл келеңсіз оқиға жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызды.

Анасының ажалына себепкер болған жігіт масаң күйде екінші топтағы мүгедек анасын балғамен басынан, кеуде тұсынан бірнеше рет ұрған. Соның салдарынан анасы көз жұмған.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы енді өмірінің 17 жылын темір тордың арғы жағында өткізетін болды. Ол қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге деп белгіленді.

Дәурен Таңатаров

Қызылорда облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here