Мексикада өткен жүзу бойынша әлем чемпионатында мүмкіндігі шектеулі қарағандылық спортшы Азия рекордын орнатты. Наталья Звягинцева 50 метр қашықтықта арқамен жүзу бойынша бірінші орынды иеленді. Андрей Афанасьев брасс әдісімен 10 метрлік дистанцияны жүзіп өтіп, үшінші орынға ие болды.

Сайыс Мехико қаласында 28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтті. Чемпионатқа әлемнің 55 елінен жиналған 300-ден астам спортшы қатысты.

Наталья Звягинцева Қазақстан тарихында параолимпиадалық ойындарды жүзу бойынша «алтын» ұтып қана қоймай, Азия рекордын орнатты.  Спортшы жүзумен 9 жасынан бастап айналысады.

Мексикада өткен сайыстар белгіленген уақытынан сәл кешірек өтті. Жарыс қыркүйек айына жоспарланған болатын. Алайда жер сілкінісінің салдарынан чемпионаттың өткізілу уақытын ысырды. Бізге бұл ойындарға екі мəрте дайындалуға тура келді», — дейді Звягинцеваның бапкері Наталья Манохина.

Мехико теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте орналасқандықтан, біздің дайындықтарымыз орта тау жағдайында Ыстықкөлде өтті. Ұшу қиын болды, уақыт айырмашылығы – 12 сағат. Сондықтан бастапқыда күрделі болды. Алайда Наташа барлығына төтеп беріп, үздік нәтижелерге қол жеткізе алды. Тағы бір жағымды жайт – ол олимпиадалық чемпион мен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерін басып озды. 19 жасар Андрей Афанасьевтің спорттық жолында бұл екінші әлем чемпионаты.

«Әжептәуір қиын болды, себебі онда қажетті дайындықсыз барған едім. Бірінші дистанция сәтсіз өтті. Уақыт өте келе бейімделдім. Сайыстың бесінші күнінде өзімді жақсы сезіндім, бет алып, жүз пайыз кірістім. Нәтижесінде – қола медаль», — дейді спортшы.

Оның бапкері Евгения Ракитина қаржыландырудың жоқтығынан жиынға қатыса алмаған екен.

«Биылғы жыл жемісті болды. Үш олимпиадалық медальды, әлем чемпионатының медальдарын ұттық. Бұл әрине, бапкерлердің ерен еңбектерінің, олардың өжеттілігінің нәтижесі», — деп атап өтті облыстық мүмкіндігі шектеулі жандар спорты бойынша мамандандырылған мектептің жетекшісі Елена Фахрутдинова.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы жүзгіш спортшыларды сертификаттармен марапаттап, олимпиада чемпиондары туралы кітап сыйлады. Мүмкіндігі шектеулі жандар спорты бойынша ЖББОМ-де 385 мүмкіндігі шектеулі спортшы тәлім алады – олар есту, көру қабілеті төмен, тірек-қимыл аппаратында ақауы бар адамдар. Олармен 12 жаттықтырушы-ұстаз жұмыс істейді. 13 спорт түрі бойынша жаттығады.

Наталья Звягинцева, 1976 жылы туылған. Жүзу бойынша халықаралық сыныптағы спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, 2015 жылғы арбаға таңылған мүгедектердің Дүниежүзілік ойындарының қола жүлдегері (Сочи), Инчхон қаласында өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері (Корея), 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Параолимпиадалық ойындарына қатысушысы. Оның ұстаздары – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары Анатолий Константинов пен Наталья Манохина.

Андрей Афанасьев, 1998 жылы туылған. Көпсалалы техникалық колледждің «Дене тәрбиесі» факультетінің студенті. Халықаралық дәрежелі спорт шебері, ҚР біріншіліктерінің бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері, Кула-Лумпур (Малайзия) қаласында өткен ІІІ Азия жастар ойындарының екі дүркін чемпионы және күміс жүлдегері. Оның ұстазы – ҚР еңбек сіңірген бапкері Евгения Ракитина.

Лəззат Қожахметова

Қарағанды облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here