Қызылордада мұнай ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан топтарға қатысты қылмыстық іс бойынша ашық сот отырысы жалғасуда. Бүгінге дейін 21 сотталушының 17-сінен жауап алынды.

Қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша сот  процесі  ақпанның аяғында басталған болатын. Аптасына, тіпті күн сайын бірнеше мәрте болып жатқан сот отырысында бүгінге дейін  90 куәгер мен 17 сотталушыдан жауап алынды. Солардың бірі Жыланды қыр» кен орнынан Жалағаштағы мия зауытына, Қызылордадағы «КАИС СЕРВИС» мекемесіне және Оңтүстік Қазақстандағы шағын мұнай өңдеу зауытына ұрланған шикізатты  тасымалдағанын, сотталушылардың басқа да былықтарын жайып салды.

Оның айтуынша,  әр машинаға 100 мың теңгеден келісім берген. Одан кейін шопырлар келісімін берді. Қайтарда оның мұнай ұрлығы екенін білген.

Тауарды Қазақстан мен қырғызстандық зауыттарға Ресей Федерациясының  пешке жағатын отыны ретінде жөнелтіп отырған. Ол үшін ресейлік компаниялардың құжаттары пайдаланылған көрінеді.

2017 жылдың сәуір айында сотталушылардың бірі мұнайды еш құжатсыз сатып алып, одан басқаларға сатып, үстінен пайда көрген. Айта кетейік, қылмыстық іс бойынша сотталушылар бірнеше баптармен айыпталған. Қазір 149 томнан тұратын қылмыстық іске қатысты сот отырысы әлі де жалғасуда.

Дәурен Таңатаров

Қызылорда облысы

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here