Кеше Атырауға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ол мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

«Атап айтқанда, Мұхтар Құл-Мұхаммед Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен бірге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы қаржылай қолдау көрсетілген және индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған зауыттарда болды», — деп хабарлайды «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Бас партия төрағасының бірінші орынбасары полиэтиленді және металлпластикалық құбырлар мен құбыр желісіне арналған арматура шығаратын «Шеврон МұнайГаз Инк» компаниясына да барды. Бұл кәсіпорын индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған. Атырауда шығарылған полиэтиленді құбыр сапасы жағынан Батыс Еуропа мен АҚШ-та өндірілетін өнімнен еш кем емес.Зауыттың өндірістік қуаты жағынан жылына 450 тонна полиэтиленді құбыр мен 30 мың сыналы ысырма дайындауға шақталған. Зауыт жұмысының технологиялық мүмкіндігімен танысқан Мұхтар Құл-Мұхаммед бұл кәсіпорынның Елбасының Қазақстанды Үшінші жаңғырту бастамасының нәтижесі екенін айтты.

М.Құл-Мұхаммед сонымен қатар, оптикалық кабель шығаратын «ПКФ Континет Ко ЛТД» зауытында болды. Аталған кәсіпорын мемлекеттің қолдауымен 483 млн теңге көлемінде субсидия алып, жұмыс істеуде. Зауыттың өндірістік қуаты бір ауысыммен жұмыс істегеннің өзінде жылына 5 мың шақырым кабель дайындауға мүмкіндік береді. Ал, үш ауысымда бұл көрсеткіш 12 мың шақырымға дейін артады.

Келер жылы Атырауда бірден төрт мың отбасының баспаналы болатыны Атырауға жұмыс сапарымен келген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің нысандарды аралауы кезінде белгілі болды. Қазіргі уақытта мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша құрылыс салынып жатқандықтан, келер жылы «Береке» ықшамауданында көп пәтерлі 44 жаңа үй пайдалануға берілмек.

Гүлзада Қожабергенқызы

Атырау облысы

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here