Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі Махамбет ауданына барған облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың кәсіпкерлік пен әлеуметтік саладағы нысандарды аралағанын  хабарлады.

Аймақ басшысы Талдыкөл селосындағы 160 орындық балабақша құрылысымен танысты. Құрылыс биыл маусым айында аяқталады. Алаңда 50 адам жұмыс істеп жатыр, нысан магистралды газ, су желілеріне қосылған. Нысан пайдалануға берілген кезде жақын маңдағы елдімекендердің бүлдіршіндері балабақшамен толық қамтылады деп жоспарлануда.

Құрылысты аралаған Нұрлан Ноғаев норматив пен стандарттарды қатаң сақтауды, техникалық қадағалау мамандары тарапынан үнемі бақылау болу керектігін баса айтты. Махамбет ауданында ауыл шаруашылығын кооперативтендіру жұмыстары да белсенді жүруде. Нұрлан Ноғаев өз кезегінде ветеринарларға цех жұмысының қалдықтарын жоюды тапсырды.

«Мұндай өндірістерді ашу аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді. Облыстың барлық аудандарында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, мал сою цехтарын ашу жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ сою цехтарының қалдықтарын кәдеге жарату жайы күн тәртібінде тұр. Бірыңғай алгоритм жасап, облыстың барлық аудандарына енгізуіміз керек. Мал сою цехтарының биологиялық қалдықтарын өркениетті түрде жойып,  процесті санитарлық нормаларға сәйкестендіруге тиіспіз», — деді ол.

Махамбет ауданына жұмыс сапарында Нұрлан Ноғаев Ақтоғай селосындағы 200 орындық мәдениет үйінің құрылысын тексерді. Сондай-ақ, «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» автожолының бөлігі саналатын Жайық өзені үстіндегі көпір өткелі құрылысының барысымен танысты.

Гүлзада Қожабергенқызы

Атырау облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here