ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАҒА 4 БІРДЕЙ ЖАРАЛЫ НАУҚАС ТҮСТІ

Маңғыстау облыстық ауруханасына 30-31 шілде аралығында 4 адам жаралы күйде жеткізілді.

Бірінші жағдай 30-шы шілде күні, сағат 8:30 шамасында болған. 1996 жылы туылған зардап шегуші, өз-өзіне қол жұмсағанын айтады, яғни мас күйінде пышақ қолданған.

Екінші науқас ауруханаға сол күні кешке 20:00 шамасында жеткізілген. 1976 жылғы жас жігіт мойын жарақатын алған. Өзінің сөзіне сенсек, үйдің алдындағы үшкір темірге құлаған.

Одан кейін, 31-ші шілде күні таңға жақын екі бірдей жағдай орын алған. Екі жігіт те пышақ жарақатына түскен.

Маңғыстау облыстық ауруханасы дәрігерлерінің айтуы бойынша, қазіргі таңда 4 науқасқа да дер кезінде ота жасалған. Екі азамат үйіне жіберілді. Қалған екуі әлі ем қабылдауда.

Айгүл Орынбаева
Маңғыстау облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here