Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі «Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары Оңтүстік Кореяда өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық спортшыларға қолдау білдірді» — деп xабарлады.

Атап айтқанда, Жайық өзенінің үстінде спорттық ойындардан фестиваль ұйымдастырылды. Шараларды қалалық әкімдік пен дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған. Жарыстарға барлық қала тұрғындары қатысуға мүмкіндік алды. Олар жеке және топтық сындарда бақ сынады.

Көптеген тұрғындар мерекеге отбасымен келді. Бірі коньки тепсе, енді бірі xоккей және көңілді старт ойынына қатысты. Бұқаралық шараға 500-ден астам адам қатысты.

Гүлзада Қожабергенқызы

Атырау облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here