Қазалы аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1- бөлігімен айыпталушы А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ол өз үйінің ауласында бір азаматқа 3 дана қағаз орамындағы салмағы тиісінше 2,67 грамм болып табылатын гашишты заңсыз өткізген. Содан соң «Нұр-Шуақ» аялдамасының алдында сотталушы А. мініп келе жатқан Р.-ның басқаруындағы «Ауди» маркалы автокөлікке тінту жүргізу барысында 2-дана пакетке оралған жалпы салмағы 1032 грамм кептірілген марихуана алынған.

Содан соң оның үйіне тінту жүргізлген. Сол сәтте кәмелетке толмаған баласының сөмкесінің ішінен 42-дана газет қиындысына оралған жалпы салмағы 68,19 грамм кептірілген марихуана алынған.

Басты сот талқылауында сотталушы өзінің кінәсін толық мойындаған. Істегі жинақталған басқа да құжаттармен толық дәлелденді.

Сот үкімімен сотталушы А. ҚР ҚК-нің 297 -бабының 1- бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуі белгіленді.

Дәурен Таңатаров

Қызылорда облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here