Бұл ірі операцияны облыстық ішкі істер департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті қызметкерлері бірлесіп жүзеге асырған. Әзірге 8 адамның нақты кімдер екені және қай елді мекендерден ұсталғаны хабарланбады. Тек олардың экстремистік идеология туралы аудио және бейнежазбаларды таратқаны үшін тұтқындалғаны туралы мәлімет таралды.

Енді ұсталғандардың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілмек. Бұған дейін осыған ұқсас операция жүргізіліп, Шымкенттегі «Гарант» дүкенінің маңынан көптеген сақалдылар қамауға алынғаны белгілі. Кейін олардың көбі бостандыққа жіберіліп, арасындағы қоғамға қауіпті деп танылғандары тергеу орындарында қалдырылған болатын.

Сабыржан Байбосынов

Оңтүстік Қазақстан облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here