ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫМЕН ДАРХАН МЫҢБАЙ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясында кадрлық ауыс-түйістер болды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Дархан Қамзабекұлы Мыңбай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметтерінен босатылды», — деп жазылған хабарламада.

Ал оның орнына мемлекет басшысының Өкімімен Леонид Андреевич Прокопенко тағайындалды.

Самал Бақытбекқызы
Алматы қаласы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here