Сайрам ауданы  Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет сарайында кино апталығы басталды. Іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды.  Игі бастамаға ОҚО Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы қолдау білдіруде.

«Оңтүстікфильм» мекемесі ұйымдастырған кино апталығының ашылу рəсіміне Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мұхтар Оразалиев «САҚ» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеев қатысты. Екеуі де  құттықтау сөз сөйлеп, анимациялық фильмдердің жас буынға рухани тағылым беретіндігін жеткізді.

Жиын барысында балалар мен аудан тұрғындары «САҚ» киностудиясы түсірген  «Күш атасы – Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Көне құмыраның сыры» анимациялық фильмдерін көрді. Содан кейін «Көне жетігеннің сыры» көркем фильмін тамашалады. Соңында Шардара ауданының өнерпаздары әннен шашу шашып, көрермендерге көңіл-күй сыйлады. Апта көлемінде Шардара ауданындағы мәдениет үйлері сайрамдық  телеарна түсірген тарихи фильмдерін ел назарына ұсынбақ.

Сабыржан Байбосынов

Оңтүстік Қазақстан облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here