Қызылордалық полицейлер адамдар көп шоғырланатын орындарды тексеріп, терроризмге қарсы қорғалуы заң талаптарына сай емес нысандарды анықтауда.

2017 жыл көлемінде жүргізілген тексеру жұмыстары нәтижесінде террористік тұрғыдан осал 10 нысанның басшысы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оның ішінде 1 қоғамдық тамақтану орны, 1 спорт нысаны, 1 өндіріс нысаны, 2  су шаруашылығы мекемесі, 2 сауда орны, 3 мекеме басшылығына сот орындарының шешіміне сәйкес 8 миллионға жуық айыппұл салынды.

Тексеру нәтижелері көрсеткендей, террористік тұрғыдан осал объектілерде инженерлік-техникалық қадағалау, бейнебақылау жүйесі мен дабыл қондырғылары, мамандандырылған күзет қызметі болмаған.

Дәурен Таңатаров

Қызылорда облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here