Жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылған ретро көрмеде жұрт назарына шыршаны безендіретін ескі ойыншықтар ұсынылды. Олардың қатарында 19 ғасырға тиесілі аяз ата мен қарша қыз да бар. Ақ қағаздан қиылып жасалған валет бишілерінің  кескіндері тамашалушылардың қызығушылығын тудырды. Тіпті, сол тұста жұрттың жаңа жылмен бірін-бірі құтықтаған хаттарына дейін сөреге қойылған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша 300-ге жуық экспонат жергілікті Достоевский атындағы мұражай қорына тиесілі көрінеді.

«Бұл жердегінің жартысы өзіміздің музейдегі қорынан әкелінген. Кейбіреулерін қала тұрғындарының өздері сыйға тартты. Көрмеге қоюға ұсыныс жасап, өздері әкеп берді», —  дейді Достоевский атындағы мұражайдың көпшілік ұйымдастыру маманы Жұлдыз Нұрмұханбетова.

Елжан Нұрболатов

Шығыс Қазақстан облысы

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here