Бүгінде аймақ басшысының тарапынан жекенің қолына өтіп кеткен әуежай ғимаратын мемлекеттің иелігіне қайтару жөнінде мәлімдеме жасалды.  Айта кету керек, кезінде бұл ғимаратқа түсініксіз жағдайда алматылық бір компания иелік етіп алған көрінеді.

«Жақын арада сот бұл ғимаратты мемлекеттің игілігіне қайтарып береді деп үміттенемін. Біз онда бірден ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарын қолға алатын боламыз. Бұл жалғыз әуежай әлемдік дәрежеде қызмет көрсетуі керек», — деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Қазіргі уақытта шенеуніктер мәселенің мән жайын анықтап, қайтарып алу үшін сотқа жүгінген. Себебі 40 жылдан бері жөндеу жұмыстарын көрмеген әуежайдың тозығы әбден жеткен. Сондықтан «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 2016 жыл жөндеу жұмыстарына 10 млрд теңге бөлініпті. Бүгінде, соның нәтижесінде ұшып-қону жолдары қайта қалпына келтірілген. Әйтсе де,  облыс әкімі аталған ғимарат күрделі жөнеуді талап етеді деп отыр.

Қазіргі уақытта оның терезесі мен шатырын ғана ауыстыру жеткіліксіз көрінеді. Бүгінде ғимаратта басталған жөндеу жұмыстары уақытша тоқтатылған. Енді мемлекет иелігіне қайтарылғанан кейін, орта жолдағы жұмыс жалғасын табатын болады.

Елжан Нұрахмет

Шығыс Қазақстан облысы

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here