Зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары мамыр айында басталады. Шегірткенің италияндық прус жəне ерекше қауіпті азиялық түрлеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 25 мамырда басталып, бір ай уақыт көлемінде жүргізіледі.

Облыс бойынша химикатпен өңделетін жер көлемі 144 392 гектарды құрайды. Бұл жұмыстарға 14 арнайы жер агрегаты, аэрозолды генератор, моторлы бүріккіштер, 4 дельтоплан және 2 ұшақ қолданылады. Сонымен қатар, биыл саяқ шегірткеге қарсы 73,581 мың гектар жер және күріш зиянкесі саналатын жағалық шыбынға қарсы 4,908 гектар аумақ химиялық өңдеуден өтеді.

Дәурен Таңатаров

Қызылорда облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here