Маңғыстау облысында сән саласы дамып келеді. Ендеше сән мен сұлулықты тоғыстырған «Сән мен сахна» халықаралық фестивалі төртінші рет Маңғыстау облысында шымылдығын ашады. Биылғы жылы небәрі бес жас дизайнердің топтамасын тамашалай аламыз. Сәнгерлер «Кербезімнің күймесі – алтын қайық» номинациясы бойынша жаңа киімдерін ұсынады.

«Сән мен сахна» халықаралық фестивалінің онжылдық тәжірибесі, сән әлеміндегі орны бар. Осы уақыт аралығында 50-ден аса сәнгер даярлаған. Аймақтағы шараның да мақсаты — жас сәнгерлерге қолдау көрсету, отандық, тіпті шетелдік нарыққа дайындау. Дарынды суретші-сәнгерлердің еңбектерін бағалау. Ұлттық киім үлгілерін заманауи сән әлемінде дәріптеу, отандық сәнгерлердің қызметін, сондай-ақ олардың шығармашылығын тұтынушылар арасында насихаттау.

Аталған шараны өткізу арқылы халықтар мәдениетін интеграциялауға, этномәдени диалогтың дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, сәнгерлер арасында тәжірибе алмасып, мемлекеттің оң имиджін көтереді.

Биыл төртінші рет өтіп отырған фестивальге Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, Қазақ эстрада жұлдыздары, Әзірбайжан дизайнері, фестивальдің жеңімпаздары «Madina Massakova», «Indira Bilissbekova» сән үйлері қатысады.

Абзал Маратов

Маңғыстау облысы

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here