Атырауда аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен «Арнайыавтобаза» ЖШС-нің директоры Самат Тұрниязов қамауға алынды.

Атырау қаласы №2 сотының судьясы «Спецавтобаза» ЖШС директорына қатысты екі ай «қамауда ұстау» бойынша бұлтарпау шарасын тағайындаған.  Сотқа дейінгі тергеу органдары оны мемлекет сеніп тапсырған бюджет қаржысын ірі көлемде жымқырып, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыс жасады деп айыптап отыр.

«Қызмет бабын асыра пайдаланған ол мемлекет қаржысына бірнеше мәрте қол салған», — деді Атырау  қалалық №2 сотының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта  аталған заңбұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша  сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне  тіркелді. Тергеу шаралары жалғасуда.

Гүлзада Қожабергенқызы

Атырау облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here