Оңтүстік Қазақстан облысында Шардара ауданындағы Қызылқұм ауылының бір топ тұрғындары ашуға мінді. Олар сол жердегі мақта зауытынан шығатын ащы шаңға ауыл көміліп қалды деп алаңдайды. Айтуларынша шаңның құрамындағы химикат адам денсаулығына залал келтіруде.

Салдарынан ауылда түрлі аурулар көбейіп кеткенге ұқсайды. Тіпті денесіне жара қаптап кеткендер де бар көрінеді. Сондықтан тұрғындар зауыттың жабылғанын қалайды.

«Ауылда көп адам жұмыс істейді. Сондықтан олар бізді қолдай қоймайды. Бірақ, жұмыс екен деп, денсаулықтан айырылғымыз келмейді», — дейді ауыл тұрғыны Қ.Бегалиев.

Сабыржан Байбосынов

Оңтүстік Қазақстан облысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here